Жаңалықтар

Алматыдағы "Сауран" базарында қойма өртеніп жатыр

Алматыдағы "Сауран" базарында қойма өртеніп жатыр
Фото: Видеодан кадр 16.02.2025 21:24 569

Алматыда Рысқұлов көшесі бойындағы "Сауран" базары аумағында қойма өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына Алматы қ. ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың қатысуымен өртті сөндіруге арналған штаб жұмылдырылды.

Құтқарушылар жоғары дәрежедегі өртпен күресуді жалғастыруда.  

Сағат 21.38-дегі мәлімет бойынша өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылып, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Оқиға орнында  77 адам мен 19  техника жұмыс істеуде.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға