Жаңалықтар

Алматыдағы сауда орталықта мектеп оқушылары жаппай төбелесіп қалды

Алматыдағы сауда орталықта мектеп оқушылары жаппай төбелесіп қалды
Фото: Видеодан кадр 25.02.2025 22:28 142

Алматыда сауда орталықтарының біріндегі қоғамдық тамақтану орнында мектеп оқушылары жаппай төбелесіп қалды. Оқиға 20 ақпанда болған. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейнежазбаны @halyqstan Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, қаладағы №178, №181 және №209 мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында төбелес шыққан. Оқиғадан кейін тараптар полицияға шағымданбауға келісім жасаған. Алайда кейінірек бір тарап  шағым түсірген. Нәтижесінде №181 және №209 мектеп оқушыларын полиция ұстаған.

Ата-аналардың айтуынша, жасөспірімдерді соттың немесе прокурордың шешімінсіз арнайы мектепке жіберген. Жәбірленушілердің туыстары өздерінің қарсы шағым жазуға мүмкіндігі болмағанын айтып, бұл мәселемен өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілге жүгінген.

Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мен прокуратураға кәмелетке толмағандарды арнайы оқу мекемесіне орналастырудың заңдылығын қарастыру бойынша сұраныс жібердім. Бүгін прокуратура балаларды арнайы мектепке орналастыру туралы шешімді жойды, – деп жазды Диана Ерлан.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде мектеп жасындағы бір топ оқушы жас баланы соққыға жыққан болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға