Жаңалықтар

Алматыдағы Райымбек даңғылында реверсивті қозғалыс жолағы пайда болады

Алматыдағы Райымбек даңғылында реверсивті қозғалыс жолағы пайда болады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 28.07.2023 18:06 771

Жылу желілерін реконструкциялауға байланысты 28 шілде сағат 00:00-ден 10 тамызға дейін Алматы қаласының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойында Байзақов көшесінен Казаков көшесіне дейін батыс бағытта автомотокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, кептелісті азайту үшін бұл аумақта реверсивті қозғалыс үшін уақытша жолақ бөлінеді. Реверс - бұл жолдардағы қозғалыс бағыты керісінше өзгеруі мүмкін арнайы жолақ.

Бұған қоса, күн сайын сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін жылу желілерін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу уақытында жол қозғалысына қосымша бақылау шаралары қолданылады.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, құрылысшылар даңғылдың асфальт жабынын қалпына келтірудегі барлық жұмысты оқу жылы басталғанға дейін аяқтайды.

Мердігер құрылыс ұйымы жылу магистралін реконструкциялауды тәулік бойы, кідіріссіз жүргізеді. Бұл үшін құрылған бригадалар орындалған жұмыстардың сапасын барынша қамтамасыз етіп, нысанда бірнеше ауысымда жұмыс істейді.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында аталған жолдың астындағы құбырда жоспарлы жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға