Жаңалықтар

Алматыдағы өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына пәтер беріледі

Алматыдағы өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына пәтер беріледі
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 02.08.2023 22:00 828

Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенін салған компания өрттен қаза тапқан Әсел Бекмұхамбетованың отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен қатар, құрылыс салушы өрт шыққан үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді. Бұл туралы Ayt housing Complex құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев «Ақкент» ТК тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Біз өз бастамамызбен үйді қалпына келтіру шығындарын өзімізге алуға дайынбыз, - деді бас директор.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыдағы тұрғын үй кешенінде өрт болып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Қайтыс болған әйелдің отбасына қала әкімі Ерболат Досаев көңіл айтты

Бұл қайғылы жағдайға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға