Жаңалықтар

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынына жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынына жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 03.02.2025 16:15 94

Алматы спорт нысандарын басқару дирекциясы «Медеу» мұз айдыны мен оның инженерлік желілерін зерттеп, жаңғырту тұжырымдамасын әзірлеу үшін тексеру жүргізді. Сараптама мұз айдынының жаппай сырғанау үшін қауіпсіз екенін растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңғырту аясында серуендеу аллеясы мен баспалдақтар салынады, Есентай өзені бойындағы оңтүстік еңіс көркейтіледі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жедел сатылар орнатылады.

Тоңазытқыш жабдықтары, суыту және жылыту жүйелері, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру мақсатында инженерлік жүйелер жаңартылады.

Бұған қоса, «Медеу» қонақ үйін реконструкциялау жоспарланған.

Бұл жұмыс барысында мұз айдынының тарихи келбетін сақтауға баса мән беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға