Жаңалықтар

Алматыдағы BRT құрылысы: Райымбек даңғылы қалай жаңарады?

Алматыдағы BRT құрылысы: Райымбек даңғылы қалай жаңарады?
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 26.11.2024 13:12 309

Алматы әкімі Ерболат Досаев Райымбек даңғылындағы BRT жобасы бойынша көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкім жаңарту жұмыстары келесі жылы басталып, тоқсан сайын жүргізілетінін айтты.

Жөндеу жұмыстары кезінде жолдар тұрғындарға қолайсыздық тудырмайтындай ішінара жабылады. Жоба аясында қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ құрылып, қиылыстардың жанына жаңа аялдамалар орнатылады, сондай-ақ бүкіл көшені кешенді абаттандыру жүргізіледі. Ұзын көлемді автобустар мен бөлектеу арқылы қаланың шығыс және батыс бөліктерінің көлік байланысы артады, – делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары бірнеше кезеңге бөлінеді. Яғни, Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылы мен Ахременко көшесіне дейін және одан әрі "Барлық" базарына дейін.

Жобада жолдарды жабуды барынша азайта отырып, арнайы жолақтар салу, жаңа аялдама кешендерін құру, сондай-ақ даңғыл бойындағы аумақтарды кешенді абаттандыру ұсынылған. Аялдамаларды платформаларға орналастырып, қиылыстарға жақынырақ салу жоспарлаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға