Жаңалықтар

Алматыдағы Бітімгерлік операциялар орталығына Үндістан әскери делегациясы келді

Алматыдағы Бітімгерлік операциялар орталығына Үндістан әскери делегациясы келді
Фото: Қорғаныс министрлігі 15.11.2024 20:44 564

Қорғаныс министрлігінің мекемесінде Үндістанның Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі полковник Панкадж Кумар Видьяртхи бастаған шетелдік делегация орталықтың қызметімен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Брифингте орталық өкілдері үнділік әріптестеріне бітімгерлік контингентін дайындаудағы заманауи тәсілдер туралы айтып, шет тілдерін оқыту тәжірибесін бөлісті.

Талқылау барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссиялары шеңберінде елдердің өзара іс-қимылы мен тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жоспарға сәйкес үнді әскерлері Құрлық әскерлерінің әскери институтына және Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтына барады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға