Жаңалықтар

Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды

Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды
Фото: Әлеуметтік желі 03.03.2025 15:14 186

Алматыдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаев қаласындағы ғимаратқа көшірілмейтін болды. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде балалар үйінің тағдырына қатысты түрлі ақпарат таралған еді. Оқиғадан кейін Динара Зәкиева №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездескен.

Бағанашыл балалар үйінде тұратын балалар сонда қалады. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының балаларына жаңа ғимарат беріледі. Бұған дейін ол жерде өмір сүру қиын, балаларға жағдай жасалмағанын жазған едім. Жаңа ғимараттың бір бөлігі орталық ғылым академиясы болады, онда облыстың барлық аудандарынан балалар қабылданады, – деп жазды Динара Зәкиева.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға