Жаңалықтар

Алматыдағы балабақшада кішкентай қызды жарты сағат бойы ұрған

Алматыдағы балабақшада кішкентай қызды жарты сағат бойы ұрған
Фото: видеодан алынған кадр 02.08.2024 15:41 2257

Алматының №47 бөбекжайында күндізгі ұйқы кезінде кішкентай қызды басқа бала ұрып тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қыздың анасы жарты сағат бойы балалардың қараусыз қалғанын, бөлмеге балабақша қызметкерлерінің кірмегенін айтып, полицияға  шағымданды.

Қызымның беті, ерні ісіп, көгеріп кеткен. Ауыз қуысында үлкен гематома пайда болыпты, беттің оң жағы мүлде қозғалмайды. Қызым жылай бастады. Ол өзі ештеңе айта алмайды, енді ғана сөйлеп үйреніп жүр. «Соққы іздері қайдан пайда болды?» деген сұрағыма балабақша тәрбиешісі мен күтуші жауап бере алмады. Олар тіпті баланың бетіндегі соққы іздерін байқамаған, – деп жазды қыздың анасы. 

Алматының білім басқармасы мониторинг тобы құрылғанын хабарлады.

Оқиға кезінде тәрбиеші әдістемелік қызмет құжаттарын дайындауға байланысты жатын бөлмесінде болмаған. Балабақша әкімшілігі тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша жоспардан тыс өндірістік кеңес өткізді. Тәрбиеші мен оның көмекшісіне қатысты қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды, - деп хабарлады әкімдік.

Полиция департаменті балабақшадағы бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, тексеру жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға