Жаңалықтар

Алматыдағы балабақшада баланы аяусыз ұрған видео тарады

Алматыдағы балабақшада баланы аяусыз ұрған видео тарады
Фото: Видеодан алынған кадр 23.02.2024 12:22 4517

Әлеуметтік желіде Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршіннің таяқ жеген видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде балалар өзінің топтасын аяусыз ұрып-соғып жатқаны видео тарады. Зардап шеккен баланың ата-анасының сөзіне қарағанда, 2024 жылғы 21 ақпанда болған.

Бұл балалар тәрбиешілердің қарауынсыз қалған сәтте болған. Бірақ педагог қатесін мойындамай, баланың өзі құлап қалғанын алға тартқан.

Қазір кішкентай бала мидың шайқалуы деген диагнозбен ауруханада жатыр.

Алматы қалалық Білім басқармасындағылар тәрбиешіге қатысты қатаң сөгіс жарияланғанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға