Жаңалықтар

Алматыдағы автобус апаты: екі адам ауыр халде

Алматыдағы автобус апаты: екі адам ауыр халде
Фото: instagram.com/almatynews_kaz 16.07.2024 14:55 667

Алматыда автобус тас қоршауға соғылып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екеуінің де жағдайы ауыр. Басқа зардап шеккендер тексерістен соң амбулаторлық емге жіберілді. Оқиға бүгін, 16 шілде күні, Шаляпин көшесінен Әшімов көшесіне бұрылып жатқан кездегі аялдамада болған.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, аялдамада тұрған автобусқа жүк келігі келіп соқтығысқан. Автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен. Салдарынан №137 автобус тұрғын үйдің қабырғасына соғылған. Оннан аса адам зардап шеккен, қаза тапқандар жоқ.

Апат кезінде автобус ішінде болған жолаушы да оқиға туралы айтып берген еді

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға