Жаңалықтар

Алматыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 125 тоннадан астам өнім ұсынылады

Алматыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 125 тоннадан астам өнім ұсынылады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 02.11.2023 05:23 737

4-5 қарашада Алматы қаласының төрт ауданында 10 дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған Алматы облысының жақын маңдағы, оның ішінде Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкелерде 50-ден астам өнім түрлері ұсынылады, оның ішінде ет-сүт, жеміс-көкөніс, сүт, шұжық, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б. Жалпы өнім көлемі – 125 тоннадан астам.

Демалыс күндері жәрмеңкелер мына мекенжайларда өтеді:

1. Гоголь - Масанчи көшесі (Алмалы ауданы);
2. Қазақфильм шағын ауданы (Бостандық ауданы);
3. Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесінің қиылысы (Әуезов ауданы);
4. Меңдіқұлов көшесі, Бектұров көшесі, Шевченко көшесі, Қонаев көшесінің бұрышы (Медеу ауданы).

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері апта сайын сенбі және жексенбі күндері Алматы қаласында өтеді. 2023 жылдың басынан бері Алматы қаласында 420-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін демалыс күндері қосымша 90-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға