Жаңалықтар

Алматыда тұңғыш электрокөлік бекеті ашылды

Cтанцияда бір уақытта төрт автомобильге дейін зарядтауға болады.
14.10.2016 09:05 3948

Алматыда электр тогымен жүретін электромобиль көліктері үшін F4-51 қоғамдық зарядтау станциясы ашылды. Бұл туралы MEGA сауда орталығының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алматыда тұңғыш электрокөлік бекеті ашылды

Станция E-line компаниясының көмегімен MEGA Alma-Ata  сауда орталығына орналастырылды.

Мамандардың айтуынша, станцияда бір уақытта төрт автомобильге дейін зарядтауға болады. Бір машинаны қуатқа толтыру үшін 3 сағатқа жуық уақыт кетеді. Мысалы, аккумулятор сыйымдылығы сағатына 85 Квт болатын Tesla Model S электрокарының күші 450 шақырым жүруге жетеді.

E-line компаниясының директоры Владислав Родиннің сөзінше, Қазақстанда қазіргі күні елудей электромобиль бар. Олардың дені Алматы мен Астана қаласында.

«Әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, электр станциялары көптеп ашылса электрокарға автомашиналарын алмастыратындар көп. Электро машиналар үнемді, жайлы, экологиялық таза. Қазақстанда алдағы уақытта осындай зарядтау орталығы көбейеді деп үміттенемін»,  – дейді Владислав Родин.


Ая ӨМІРТАЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға