Алматыда төрт бала уланып қалды
Улану оқиғасы Алматыдағы балалар жарысқа қатысу үшін орналастырылған қонақүйлердің бірінде болған.
13.07.2022 06:45
1254
Қонақүйде жүргізілген дезинсекциядан кейін төрт бала уланған. Олар химиялық заттан уланып, Балалардың жедел медициналық жәрдем орталығына жатқызылды, деп хабарлайды El.kz
– Балалар орталық балалар ауруханасының токсикологиялық бөлімшесінде ем алып жатыр. Жа5дайлары орташа ауырлықта, – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі
Улану оқиғасы Алматыдағы балалар жарысқа қатысу үшін орналастырылған қонақүйлердің бірінде болған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Интернет-алаяқтардың қылмыстық тобы ұсталды
Келесі жаңалық
Дәулет Мұқаев «курс сатып байыды» дегендерге жауап берді