Жаңалықтар

Алматыда рейдерлікпен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген.
Алматыда рейдерлікпен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
15.07.2022 03:25 2642

Алматыда белгілі кәсіпкерлік құрылымдарға қатысты ұзақ уақыт бойы рейдерлік жасап келген бір топ тұлғалардың әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қылмыстық топ Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолға түскен.

Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген.

Бүгінгі таңда Департаментте Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды.

Еліміздің кемінде тағы үш облысында осыған ұқсас қылмыстардың жасалғаны туралы ақпарат бар.

Сонымен қатар аталған топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан.

– Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған. Қазіргі уақытта топтың белсенді мүшелері ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға