Алматыда Димаштың алғашқы шоу концерті өтеді
Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – орталық стадионда өтеді.
01.07.2022 04:10
1448
Алматыда 23 қыркүйек күні әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді, деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.
– 2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында "Stranger" атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім, — деп жазды Димаш Құдайберген.
Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі — орталық стадионда өтеді.
– Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын, Сіздерді асыға күтемін!, — деп жазды әнші.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
19 адамнан 20 миллион теңге алған алаяқ қамауға алынды