Алматыда бір тәулікте 199 адамнан коронавирус анықталды
Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті
Алматыда коронавирус жұқтырған 69 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
5 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 199 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 182 науқаста індет белгілері бар, 17 науқас - симптомсыз.
– Инфекциялық стационарларда 69 адам жатыр. Барлық емделіп шыққандар – 48, келіп түскені – 10. Жіті респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) – 1 пациент, – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, 4 шілдеден бастап Алматы қаласы «сары» аймақта. Осыған байланысты, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
