Жаңалықтар

Алматыда 310 шетелдік елден шығарылды

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады
Алматыда 310 шетелдік елден шығарылды
Фото: Polisia.kz 27.07.2022 20:50 1455

Алматыда 310 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Биылғы жылдың басынан бері Алматыда ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 15 904 дерегі анықталды. 4 182 іс бойынша шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды. – Сот шешімдерімен 310 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 673 шетел азаматы ПД қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар, 2022 жылдың 6 айында еңбек иммигранттарына жеке адамдарда жұмыс істеуі үшін 34 162 рұқсат қағазы берілді және ұзартылды. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және шетелдіктерді азаматтық-процессуальдық тәртіпте елден шығару – біздің бірінші кезектегі міндетіміз, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. Сондай-ақ, полиция Алматыда жыл басынан бері «Келімсек» және «Нелегал» екі республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілгенін хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға