Жаңалықтар

Алматыда «Мен жастарға сенемін» атты фестиваль өтті

«Мен жастарға сенемін!» атты ІІІ республикалық патриоттық жастар фестивалі өтті.
30.11.2015 04:48 4792

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде тұңғыш Президент күніне арналған Ең үздік инновациялық жобалар мен шығармашылық туындылардың авторларына «Қазконтент» АҚ грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Ауқымды іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жазушылар Одағы, «Қазконтент» АҚ, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімдігі қолдау көрсетті. «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры Жұмабек Кенжалин, «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім, «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінің Алматы бөлімі жетекшісі Қорғанбек Аманжол, ақын Бақыт Беделхан, «Ақиқат» журналының бас редактор орынбасары Қыдырәлі Қойтай, “ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN” ЖШС бас директоры Серікхан Хастүркгала-форумның арнайы қонағы болды.

Алматыда «Мен жастарға сенемін» атты фестиваль өтті

«Сіздер тәуелсіздіктің құрдастарысыздар. Осы тәуелсіздігімізді жоғалтпау, оның мәңгі болуы сіздерге байланысты. Фестивальдің басты мақсаты осында отырған әрбір жасқа «Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын» деген ой салу. Дамыған елдердің атын атай бастасақ, бірден сондағы жастардың отансүйгіштік деңгейі мен сол елдің тұрғындарының рухының биіктігі көз алдымызға келеді. Бір ғана Жапонияның өзі қандай мысал бола алады. Бізге ең керегі – көк тудың желбірегені. Сіздер сияқты патриот жастар барда биікке қадаған туымыз жығылмайды», - деп ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов жастарға деген сенімін білдірді.

Алматыда «Мен жастарға сенемін» атты фестиваль өтті    

Ұйымдастыру комитетіне еліміздің 60-тан аса жоғары оқу орнынан барлығы 636 жұмыс келіп түскен. Олардың ішінде ерекше авторлық жобалар мен шығармалар, сондай-ақ ұжымдық еңбектер де бар. Іріктеу кезеңінде 200 үздік жоба анықталып, жоба авторлары фестивальдің гала-форумына шақырту алды. Байқау жеңімпаздарын анықтауда қатысушылар ұсынған туындылардың шынайылығы, шешімдерінің ерекшелілігі, ойлау қабілетінің ұшқырлығы, тұжырымдамалығы, шығармашылық әлеуеті сияқты мәселелер басты назарда болды.

 Алматыда «Мен жастарға сенемін» атты фестиваль өтті

«Мен жастарға сенемін» патриоттық фестивалінің гала-форумының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу гранты сертификатына және арнайы сыйлықтарға ие болды. «Менің ел дамуына қосқан нақты үлесім» атты студенттік инновациялық жобалар байқауында О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің студенттері Сағындық Ерасыл мен Бектұрсын Бекнұр, «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты эссе бағыты бойынша ҚР ІІМ комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының 3-курс курсанты Нұрмұхамбет Бостанбек, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің студенті Мұқағали Кенжетайұлы студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауында жалынды жыры мен ақындық талантымен көзге түссе, «Мәңгілік ел–мұратым!» патриоттық ән байқауында Еуразия технологиялық университетінің студенті Әбдихан Әуезхан фестивальдің жеңімпаздары атанды.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға