Жаңалықтар

Алматыда жылу беру маусымы 10 сәуірден бастап тоқтайды

Алматыда жылу беру маусымы 10 сәуірден бастап тоқтайды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 07.04.2025 19:00 210

Алматыда 2024-2025 жылғы жылыту маусымы қашан аяқталатыны белгілі болды. Қала әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымының нәтижесі мен келесі маусымға дайындықты талқылау үшін кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, 10 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды. Алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары мен мәдениет нысандары, кейінірек тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерде жылыту өшіріледі.

Жылыту маусымы ақаусыз өтті, 404 білім беру мекемесі мен 128 медициналық мекеме қамтылды. Биыл 39 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланған, бұл олардың тозуын 56,1%-дан 54,9%-ға дейін төмендетуге көмектеседі,-делінген мәліметте.

Айта кетейік, былтыр қалада 20 км жылу желісі жаңартылып, 85 қазандық жөнделді. Бұл жылу жүйесінің тиімділігін айтарлықтай арттырған және жылыту маусымын апаттық жағдайсыз аяқтауға мүмкіндік берген.      

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға