Жаңалықтар

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды
Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 18.11.2024 14:30 603

Алматыда тағы бір пәтер жалдау алаяғы қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бостандық аудандық полиция басқармасына жоқ пәтерлерді жалға беру арқылы алданған азаматтардан бес шағым келіп түсті.

Күдікті танымал сайтта нарық бағасынан төмен баға көрсетілген жалған жарнамалар орналастырған. Осы арқылы пәтерлерді жылдам алғысы келген азаматтар күмәнданбай, толық алдын ала төлем жасаған. Ақшаны алғаннан кейін жалған риэлтор байланысын үзіп, ізін суытып отырған. 26 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің Жетісу облысынан келгені анықталды, – деп мәлімдеді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Қазіргі уақытта тергеу мүддесіне орай, ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жарияланбайды. Айта кетейік, ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігі, 1-тармағы және ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-тармағына сәйкес, кез келген азаматтың кінәсіздігі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға