Алматыда жолдарды жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматыда белгіленген мерзімнен бұрын қаланың жол инфрақұрылымын ретке келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалалық мобильділік басқармасы магистральдық көшелерде жолдарда апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында қыста пайда болған шұңқырлардың жойылатынын хабарлады.
Асфальтбетон зауыты мерзімінен бұрын іске қосылды, ол пилоттық режимде ауа температурасы минус -5 градусқа дейін төмендеген кезде асфальтбетон қоспасын тығыздауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін энергия үнемдейтін қоспалары бар «жылы асфальт» беретін болады. Бұған дейін ҚР Көлік министрлігі хабарлағандай, бұл технологияны Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) әзірлеп, Республикалық маңызы бар автожолда сынап көрді, - деп атап өтті басқарма.
Қалалық мобилділік басқармасы жұмыс кезеңінде қозғалысқа ешқандай шектеулер болжанбайтынын атап өтті. Сонымен қатар, көше-жол желісін ағымдағы жөндеу бойынша негізгі жұмыстарды аудан әкімдіктері мен ҚМБ көктемгі-жазғы кезеңде жүргізетін болады.
