Алматыда жолдарды орташа жөндеу 1 маусымда басталады

Алматыда жолдарды орташа жөндеу жұмыстары 1 маусымда басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда шұңқырлы немесе ағымдағы жөндеу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын 1 маусымда бастау жоспарланып отыр. Биыл 3097 км жалпы жол желісіндегі ұзындығы 250 км болатын 274 көше жөндеуден өтеді. Мақсат - жолдардың 92% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жеткізу.
Жұмыс жаздың басында, 20 магистральдық көшені 25 тамызға дейін және аудандық көшелерді жөндеу қазан айының соңына дейін аяқталады. Көшелер учаскелерге бөлініп жөнделеді. Жөнделетін учаскелер БАҚ-та хабарланып, «2ГИС» және «Яндекс карталар» сервисінде көрсетіледі.
Жөндеу аясында жаңа қауіпсіздік аралы, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар мен арық жөнделеді. Фрезерленген материалдар қайта пайдаланылады. Сондай-ақ, жол төсемінің беріктігін арттыратын полимерасфальтбетонды пайдалану жалғасады.
