Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
26.06.2023 18:21
1170
Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жол апатына қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода №203 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады. Оқиға Құлжа трактінде болған.
Облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
Алматы облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 26 маусымда "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 24-шақырымында болғанын хабарлайды. 54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, кюветке шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ, - дейді ПД өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға