Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіт өлі табылды

Фото: ©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz
Фото: ©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz
20.05.2024 11:00
6642
12 мамырда із-түссіз кеткен Дамир Нұрбеделұлының денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 жастағы Дамир 12 мамыр күні сағат 11:30-да Медеу ауданы Думан ықшамауданындағы үйінен шығып, қайта оралмаған.
Еріктілердің айтуынша, жігіттің мәйіті 18 мамырда табылды. Алайда өліміне не себеп болғаны белгісіз.
Айтылған жағдайға байланысты Алматы қалалық полиция Департаменті қылмыстық іс қозғады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда жер сілкінді
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 13 наурызда ауа райы қандай болады