Алматыда жерасты тұрақта екі қымбат көлік өртеніп кетті

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
03.09.2024 10:45
692
Алматы тұрғын үй кешенінің жерасты тұрағында екі көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт түнде, сағат 00:59-да Брусиловский көшесіндегі 18 қабатты тұрғын үй кешенінің жерасты автотұрағында болған. Көліктердегі өрт сөндірілді.
Өрт 10 метр аумаққа тарады. Зардап шеккендер бойынша ақпарат түскен жоқ, - деп хабарлады ведомство.
Өртенген көлітердің маркасы - BMW және Hyundai Accent автокөліктері.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
(Ескерту: видеода бейәдеп сөз бар)
Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Бөлісу:
