Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі мәлімдеді
Алматыда жер сілкінді
Фото: 24.kz 09.09.2022 09:47 1128

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 9 қыркүйек күні Алматы уақытымен 2 сағат 29 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 718 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында орналасқан.

Энергетикалық класы - 10.7.

MPV магнитудасы - 4.9

Бағыты - 39.63° с.е. 69.76° ш.б.

Тереңдігі - 5 км.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы мәліметтер тіркелмеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға