Алматыда жер сілкінді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 қарашада Астана уақытымен 10:01-де Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің координаттары : 43.261 с.е. 77.310 ш.б.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
