Жаңалықтар

Алматыда жеке үйлердің бірінен есірткі лабораториясы анықталды

Алматыда жеке үйлердің бірінен есірткі лабораториясы анықталды
Фото: t.me/knbgov_kz 01.06.2024 21:37 434

ҰҚК Алматы қаласы бойынша  департаментінің қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ведомство мәліметінше, оңтүстік астананың жеке үйлерінің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Тінту барысында 7 келі «мефедрон» психотроптық заты және 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар тәркіленді.

Табылған есірткінің құны «қара» нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін «варщиктер» деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.

Сот санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға