Жаңалықтар

Алматыда жеке клиниканы заңсыз тексерген мемлекеттік қызметкер жазаланды

Алматыда жеке клиниканы заңсыз тексерген мемлекеттік қызметкер жазаланды
Фото: © Pixabay.com 18.05.2024 11:34 1028

Алматы қаласында Медициналық-фармацевтикалық бақылау департаментінің қызметкері жеке клиникалардың бірін заңсыз тексерген. Бұл туралы Медеу аудандық прокуратурасына медицина мекемесінің басшысы хабарласып айтқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Департаментке медициналық орталықтың әрекетіне қатысты өтініш келіп түскен. Оның негізінде бақылау органының қызметкері кәсіпкерлік субъектісін тіркеп, тексеру жүргізген. Алайда прокуратура өтініш білдірген азаматтың заңды атауы ұқсас мүлде басқа медициналық ұйымның әрекетіне шағымданғанын анықтаған. Осыған қарамастан медициналық орталық заңсыз тексеруден өткен.

Мемлекеттік органның әрекетінің заңсыздығын ескере отырып, тексеру актісі мен нәтижелері жойылды. Сонымен бірге жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлға  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,-делінген қалалық прокуратура мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға