Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген келіншек жазаланды

Фото: El.kz
Фото: El.kz
25.04.2025 11:19
160
Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 сәуір күні сағат 15:30-да Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Toyota көлігінің жүргізушісі жыпылықтайтын шамдары қосылып тұрған жедел жәрдем көлігіне жол бермеген.
Жүргізуші әйел жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция ескертеді: жедел тапсырмаларды орындайтын көліктерге қатысты жүргізу тәртібін сақтау тек заң талабы ғана емес, адам өмірінің мәселесі. Жолдағы өзін-өзі ұстау мәдениеті - қаладағы қауіпсіздіктің негізі.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Көктемде төрт түлікке кедергі көп