Жаңалықтар

Алматыда «Жасыл ел» жасағының жұмыс маусымы жабылды

Алматыда «Жасыл ел» жасағының жұмыс маусымы жабылды
Фото: Видеодан кадр 15.10.2024 05:30 416

Алматыда 2100 жасты уақытша жұмыспен қамтыған «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмыс маусымы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Үш ай ішінде жасақтар көшелер мен саябақтарды тазарту, ағаш отырғызу және т.б. экологиялық шараларға қатысты.

Біз жоғары оқу орындары мен колледждердің 2100 студентін жұмысқа орналастырдық. Келесі жылы бұл көрсеткішті көбейтуді жоспарлап отырмыз, – деді қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Үздік 20 қатысушыға Smart TV және электрсамокаттар табысталып, іс-шара концертпен аяқталды.

Әкімдіктің мәліметінше, жоба қаланың жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға