Жаңалықтар

Алматыда жасөспірімнің тамағына темір шарбақ кіріп кетті

Алматыда жасөспірімнің тамағына темір шарбақ кіріп кетті
Фото: видеодан алынған кадр 05.08.2024 15:41 1777

Алматыда дәріхана қоршауының темір істігі баланың тамағына кіріп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 1 тамызда болған. 9 жастағы бала велосипедпен кетіп бара жатып, үшкір темірден жасалған шарбаққа құлап, денесінің бірнеше жерінен темір кіріп кеткен. Жедел жәрдем баланы дереу Алматы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізген.

Балаға аралас жарақат деген диагноз қойылды. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, трахея мен ауыз қуысының зақымдалуы мен мойын жарақатын алған. Төменгі жақтың артқы кортикальды пластинкасының оң жақ бұрыш аймағы сынған. Баланың мойын аймағында ұзындығы 6 см жара болды, одан 4 см/10 см өлшемді бөгде зат - металл қоршау бөлігі шығып тұрды, – дейді дерігерлер.

Дәрігерлер баланың денесінен найзаның ұшы сияқты металды алып тастау үшін 1,5 сағат ота жасаған.

Қазір баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде қарқынды терапиядан өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға