Алматыда жасөспірім бала биіктен құлап мерт болды
Фото: El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
18.11.2024 21:26
678
Алматыда мектеп жасындағы бала көпқабатты тұрғын үйдегі биіктен құлап мерт болды. Оқиға бүгін 18 қарашада Әуезов ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, 11-12 жас шамасындағы жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен.
Алматы қаласының Полиция департаменті аталған факті бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі таңда оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша жасөспірім 2009 жылы дүниеге келген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аида Балаева азаматтарды жеке қабылдады
Келесі жаңалық
«МҰЗ-2024»: Шымкентте 15 қауіпсіздік белгісі орнатылды