Алматыда жас жігітті тролейбус қағып, мерт болды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
14.01.2025 01:14
555
Алматы қаласында троллейбус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды. Қайғылы оқиға Бостандық ауданында сағат 17:50-де орын алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
@almatylive_kz Telegram-арнасының жазуынша, №11 маршруттағы троллейбус жүргізушісі Тимирязов көшесімен батыс бағытта келе жатып, Байтұрсынов көшесінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 2003 жылы туған жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды