Алматыда жаппай веложарыс өтеді
Оңтүстік астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, велошеруге 16 жастан асқан мыңға жуық адам қатысады.
Фото: stringfixer.com
Фото: stringfixer.com
02.10.2022 03:19
1364
2 қазанда Алматыда тұрақты дамуды ілгерілетуге арналған Orange BeNeLux Bicycle Tour қалалық велошеруі өтеді, деп хабарлайды El.kz.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Оңтүстік астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, велошеруге 16 жастан асқан мыңға жуық адам қатысады.
Жалпы қашықтығы – 15 шақырым. Велошеру сағат 9:00-де Розыбакиев көшесіндегі MEGA Center Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы аумағында басталады. Одан әрі бағыт әл-Фараби даңғылының бойымен жалғасады.
Осыған байланысты Розыбакиев көшесі – Левитан көшесінен Малахов көшесіне дейін сағат 6.00-ден 10.00-ге дейін, әл-Фараби даңғылы (оңтүстік жағы) - Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін шығыс бағытта сағат 9.00-ден 9.30-ға дейін (велошеру жүріп өткен сайын қозғалыс ашылып отырады), әл-Фараби даңғылы Назарбаев даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін батыс бағытта - 9.05-тен 10.00-ге дейін жабылады, - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Велошерудңің бастамашысы – Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі. Велошерудің ұйымдастырушылары – Қазақстан велоспорт федерациясы мен Қазақстан триатлон федерациясы. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Рим Папасы: Қазақстан – өркениет пен батылдықтың үлгісі
Келесі жаңалық
БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда