Алматыда жаңа 5 мектеп пен 5 балабақша салынады
Алматы қаласы Наурызбай ауданында жаңа мектептер мен балабақшалардың құрылысы қарқынды жүргізіліп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл оқушы орындарының тапшылығын азайтуға, білім беру саласының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Qazaq stroy» ЖШС құрылыс компаниясы 2400 орындық екі жаңа мектептің құрылысын қолға алған. Екі мектептің бірі «Alem city» ТҮК аумағында орналасқан. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Екінші мектеп «Алма Сити-4» тұрғын үй кешені, Алатау даңғылының бойына салынады. Жоспар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады.
Алматы қаласы Наурызбай ауданында жаңа мектептер мен балабақшалардың құрылысы қарқынды жүргізіліп отыр. Бұл оқушы орындарының тапшылығын азайтуға, білім беру саласының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 2023 жылдың қыркүйек айында «Құрамыс», «Шұғыла» шағын аудандарында («Нұрлы Дала» ТҮК) және Сәбденов көшесінде 5500 оқушыға арналған үш қосымша мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Бұл жобалардың мердігері «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.
Білім беру инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Білім басқармасы 375 оқушыға арналған №174 мектеп-гимназия ғимаратына қосалқы ғимарат құрылысын салу бойынша жоба әзірледі. Құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында басталуға тиіс.
Бұған қоса, «Шұғыла» шағын ауданында 320 орындық балабақша салынып жатыр. Мердігер компания «Астана Строй Инвест» ЖШС бұл жұмысты 2023 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
2024 жылға жоспарланған жобалар:
1. «Шұғыла» ш/а («Нұрлы Дала» ТҮК) – 320 орындық балабақша;
2. «Құрамыс» ш/а – 320 орындық балабақша;
3. «Қалқаман-2» ш/а – 240 орындық балабақша;
Әрі «Шұғыла» шағын ауданында 320 орындық балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың үшінші тоқсанында басталады.
Мектептер мен балабақшалар – білім беру инфрақұрылымын дамытуға және балаларды оқытуға қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадам.