Алматыда жәрмеңке өтеді
Жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік бағасы нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.
06.10.2022 03:06
1560
Алдағы демалыс күндері Алматыдағы Шевченко көшесінің бойында «Ғылым ордасы» археология мұражайының алдында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 320 тоннадан астам азық-түлік жеткізіледі.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына 50 өнім түрі ұсынылады. Атап айтар болсақ, 40 тонна ет, 15 тонна сүт өнімдері, көкөніс 160 тонна, балық 13 тонна, 92 тонна өзге де өнімдер бар.
Жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік бағасы нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Конституциялық соттардың Дүниежүзілік V конгресі өтіп жатыр
Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді