Алматыда заңсыз жүрген кәмелетке толмаған тәжік балалары ұсталды

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
09.09.2023 14:58
930
Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдік анықталды, оның 36-сы Тәжікстан азаматы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұсталғандардың 18-і - 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Олар тиісті шара қолдану үшін аудандық ПБ-ның ювеналды полиция бөліміне жіберілді. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер ПД-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды, - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Алматыда осы күндері "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Оның мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.
Бөлісу:
