Жаңалықтар

Алматыда заңсыз тұрып жатқан 12 мыңнан астам шетелдік анықталды

Алматыда заңсыз тұрып жатқан 12 мыңнан астам шетелдік анықталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.03.2024 15:21 705

Алматы облысының прокуратурасы 12 мыңнан астам шетелдіктерді тіркеген 278 үйді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мысалы, Қарасай ауданының Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетелдік азамат тіркелген. Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, мемлекеттік қазынаға үш мың заңсыз көшіп келушілердің 79 млн теңге салық төлемеу фактілері анықталды, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде, - делінген прокуратура ақпаратында.

Сонымен қатар, сот шешімі бойынша елден шығарылуға жататын 29 заңсыз көшіп келушілер және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 заңсыз көшіп келушілер шығарылмаған.

Жалпы, тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы көші-қон заңнамасын 600-ден астам бұзушылықты анықтап, 17 көші-қон полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға