Жаңалықтар

Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды

Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Фото: polisia.kz 25.12.2024 00:12 270

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы Полиция департаментінің «Киберпол» тобымен бірлесіп, заңсыз sim-box құрылғысын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында көршілес елдің азаматы ұсталды.

Оның айтуынша, ол Тelegram арқылы жұмыс тауып, Алматыға осы жабдықты ала келген. Күдіктінің осыған ұқсас жағдай бойынша Атырауда жүргізіліп жатқан іске қатысы бары анықталды, - делінген мәліметте.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін прокуратураның келісімімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға