Жаңалықтар

Алматыда заңсыз сауда нысандарын тазалау науқаны басталды

Алматыда заңсыз сауда нысандарын тазалау науқаны басталды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 16.04.2025 20:16 737

Алматыда заңсыз сауда орындарын тазалау акциясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 15 сәуірде стихиялық сауда деректерін анықтау және жою, 1 мамырға дейін созылатын заңсыз орнатылған сауда нысандарын бөлшектеу бойынша ауқымды жалғасып жатыр.  

Іс-шаралардың негізгі мақсаты санитарлық жағдайды арттыру, аумақтарды абаттандыру және қаланың эстетикалық тартымды келбетін қалыптастыру болып отыр. Жұмыстар Алматы қаласының барлық аудандарының неғұрлым проблемалы учаскелерінде әкімдік, коммуналдық қызметтер және құқық қорғау органдарының мамандарын тарта отырып жүргізіледі. 

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ақпан айының бері қалада мемлекеттік қордың жер учаскелерінде орналасқан 797 стационарлық емес сауда нысандарын анықтағанын мәлімдеді. Қазір 664 нысан, оның ішінде 369 СЕСН және 295 автоматтандырылған құрылғылар (силомерлер) жойылған. Қалған 133 нысан бойынша жұмыстарды сәуір айының соңына дейін аяқтау жоспарланды. 

Жаппай стихиялық сауда орындарына ірі базарларға, саябақтарға және жер үсті өткелдеріне жақын жерлерге ерекше назар аударылады. Қалада «Алатау», «Көк базар», «Сары-Арқа», «Барлық» базарлары, Розыбакиев, Төле би, Әуезов көшелері, саябақтар мен жер үсті өткелдерін қоса алғанда, ең проблемалы 49 орын анықталды. 4 ақпаннан бастап 1400-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 4,8 млн теңгеден асты, - деп жазылған қала әкімдігінің мәліметінде. 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға