Жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған құрылыс сот шешімі бойынша бұзылды

Алматыда заңсыз салынған құрылыс сот шешімі бойынша бұзылды
06.05.2023 11:55 944

Алматыда заңсыз салынған ғимарат сот шешімі бойынша бұзылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.   

Алып шаһардағы қала құрылысын бақылау басқармасы Бөгенбай батыр көшесі бойындағы төрт қабатты ғимараттың заңсыз салынғанын мәлімдеді.

Басқарманың талабына сәйкес, адамдар тұруға арналмаған үй-жайларға қатысты сот отырысы ұзақ уақытқа созылып, былтыр 17 қаңтарда Медеу аудандық соты өз бетінше салынған құрылысты бұзу туралы қаулы шығарған. Алайда кейін апелляциялық шағымдар Алматы қалалық сотында және ҚР Жоғарғы Сотында қаралып, шешім шықты. 

2022 жылғы 30 қарашада Жоғарғы сот бірінші сатыдағы сот пен Алматы қалалық сотының қаулыларын өзгеріссіз қалдырған. Осыдан кейін кейін қаулы қаланың Әділет департаментінің өндірісіне түсіп, сот орындаушыларымен бірге ғимаратты бұзу жұмыстары басталып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға