Алматыда әйел адам 25-қабаттан құлады

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
16.08.2022 23:46
1297
Алматы қаласындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатынан құлаған әйел адам оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды El.kz.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Бұл ақпарат ҚР ІІМ-нің telegram-арнасында жарияланды.
– Кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі ТК-нің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды, - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Келесі жаңалық
Аида Балаева азаматтарды қабылдады