Жаңалықтар

Алматыда үш күн ішінде 211 заңсыз сауда орны алынып тасталды

Алматыда үш күн ішінде 211 заңсыз сауда орны алынып тасталды
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 11.02.2025 07:14 164

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен мемлекеттік қордың жерінде орналасқан рұқсатсыз салынған сауда орындары мен стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, үш күн ішінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған комиссия 211 заңсыз сауда орнын (102 дүңгіршек және 109 күш өлшегіш) бұзып, 270 кәсіпкерге ескерту хат берілді.

Қызмет түріне қарамастан, барлық заңсыз сауда нысандары бұзылуда. Әсіресе, көше тағамдарын сататын орындарға ерекше назар аударылуда. Мұндай бірнеше нысан, атап айтқанда, Абай даңғылындағы мемлекеттік цирк маңында сүрілді. Аталған сауда орындары инженерлік желілерге, электр энергиясына қосылмаған, көріктендіру ережелерін бұзады. Қала тұрғындары мұндай жерлерде тамақ сатып алу денсаулыққа қауіпті екенін айтуда.

Еске сала кетейік, Алматы әкімдігінің 2024 жылы 27 тамыздағы №3/469 қаулысына сәйкес, қала аумағында 157 СЕСН орналастыруға арналған 142 орын бекітілген, - делінген мәліметте.

Кәсіпкерлік қызметін заң аясында жалғастырғысы келетін кәсіпкерлер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына 390 21 30 телефоны арқылы жүгіне алады.

Жалпы, Алматыда барлығы 500-ге жуық заңсыз нысан бұзылмақ. СЕСН-ды анықтау және сүру жұмыстары жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға