Алматыда ұрлық жасаған күдікті қашып кетті

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
05.12.2024 09:20
645
Алматыда ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған адам айдауыл қызметінің көлігінен қашып кеткен. Полиция 28 жастағы күдіктінің аты-жөні мен суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Осыған жол берген кінәлі тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылады, - деп мәлім етті Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады.
Күдікті – 1996 жылы туған Аубакри К.Е. Бойы 165-170 см, дене бітімі арық, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекше белгісі – мұрны қисайған.
Аубакридің қайда екенін білетіндерден төмендегі телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 (701) 758 67 60; 8 (778) 158 54 44; 254 40 42 немесе 102, – деп үндеу жасады полиция.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2024 жылы қандай әлеуметтік бастамалар жүзеге асты
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды