Жаңалықтар

Алматыда ұрлық жасаған азаматтар бейнебақылау құрылғысына түсіп қалған

Алматыда ұрлық жасаған азаматтар бейнебақылау құрылғысына түсіп қалған
Фото: © Polisia.kz 30.10.2023 16:43 728

Алматыда ұрлық жасаған азаматтар бейнебақылау құрылғысына түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші жағдайда жанармай құю бекеттерінің бірінің әкімшісі арызбен жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз біреу өзін клиент ретінде көрсетіп, жасырын түрде сауда-материалдық құндылықтарын ұрлаған.

Екінші арыз – қоғамдық көліктегі ұялы телефон ұрлығы туралы. 121-бағыттағы қоғамдық көлікте белгісіз біреу жолаушының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен. Екі қылмыс та бейнебақылауға түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Текелі қаласының тұрғыны 21 жастағы А. есімді азамат және Алматы қаласының тұрғыны 27 жастағы  А. есімді азамат ұсталды.

Екі күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталғандар өз қылмыстарын мойындады, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға