Алматыда ұрлық қылмысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған

Алматыда ұрлық қылмысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері жеке мүлікті ұрлады деген күдікпен 32 жастағы азаматты ұстады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы Б.есімді азамат ұсталды. Ол Айнабұлақ шағын ауданында орналасқан пиццерияның қызметтік бөлмесінен IPhone телефонын ұрлады деген күдікке ілінді. Бейнебақылау камералары ұрлықтың нақты хронологиясын анықтады: қаскөй терезеге арқылы басқа біреудің телефонын ұрлап кеткен сәт түсірілген. Күдікті оқиғаға қатысы барын жоққа шығармайды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
