Жаңалықтар

Алматыда ҰОС ардагерлерінің зиратын тазалау акциясы басталды

Алматыда ҰОС ардагерлерінің зиратын тазалау акциясы басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 26.04.2025 21:03 296

Алматы қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар басталды. Оның аясында екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен майдангерлер, белгілі қаламгерлер мен көрнекті тұлғалар жерленген Кеңсай зиратын тазарту және абаттандыру бойынша жастар акциясы өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зиратқа жерленген батырлардың қатарында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы және тағы басқалары бар.

Акция Мәдениет және ақпарат министрлігі және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері, жастар және волонтерлік ұйымдар қатысты. Олар аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, зират маңын ретке келтіріп, гүл шоқтарын қойды.

Министрлік мәліметінше, іс-шараның басты мақсаты — өткенге тағзым етіп, майдангерлердің рухына құрмет көрсету, өсклең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға