Жаңалықтар

Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинары өтті

Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинары өтті
Фото: gov.kz 29.09.2024 03:28 493

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинарын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Күн тәртібінде Ономастика саласын орталықтандыру бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, өзектендірілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін,  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Әдістемелікұсынымдар, өңірлердегі ономастикалық ахуал секілді мәселелер қаралды.

Семинар жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рұстам Али, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, белгілі ғалымдар, өңірлердегі ономастика саласын басқарып отырған басқарма басшылары қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға